Шымкент қаласы білім басқармасының
Абдраш Назарбеков атындағы
№ 87 жалпы орта білім беретін мектеп
коммунальдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп телефоны:
(8873) 48-55-68
(8877) 532-87-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2019

Халықаралық отбасы күні

15.05.2019ж
А.Назарбеков атындағы 87 жалпы орта мектепте "Отбасы күніне" арнап ата- аналармен бірге үлкен іс- шара өткізілді. Мереке болған соң, міндетті түрде тарту етілетін сыйлықтар да болады. Іс-шара барысында концерттік бағдарламамен қатар марапаттау рәсімдері де жүргізілді.
Отан отбасынан басталады. Демек, отбасы- кіші Отан.
Жанұяның береке- бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
Отбасының ең маңызды міндеттерінің бірі- тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі- баланы өмірге әкелу ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру және баланың әлеуетін көтеру әке- шешенің ең маңызды міндеті.