Шымкент қаласы білім басқармасының
Абдраш Назарбеков атындағы
№ 87 жалпы орта білім беретін мектеп
коммунальдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп телефоны:
(8873) 48-55-68
(8877) 532-87-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2018

«Қызым үйде, қылығы түзде » қыздар жиналысы.

2018 жылдың  қазан айының 12 күні Абдраш  Назарбеков атындағы
№87 жалпы орта мектебінде 8-11 сынып  оқушыларының  қыздар 
арасында «Қызым үйде, қылығы түзде» атты ерте жүктіліктің
алдын алу тақырыбында гинекологпен кездесу өткізілді
Мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, қыздарды  инабатты қыз болып өсуге баулу.
  Жиналыс директордың тəрбие  ісі жөніндегі орынбасары З.А.Медеуованың  ұйымдастыруымен өткізілді. Жиналысқа мектебіміздің қыздар ұйымының жетекшісі Ф.Азатбаева ,мектеп психологы А.Даутбаева,  №6 Шымкент қалалық  емханасының  гинеколог мамандары  Б.Қошынова және А.Сағынтай, психологтар  А.Ерболатова , Н.Темирбекова және сынып  жетекшілері қатысты.



































Пікірлесіп көрейік біз ашылып,
Даурықпайық бәріміз бір шуласып
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан
Дос көңілмен ақтарылып сырласып, - деп психологтар  А.Ерболатова , Н.Темирбекова оқушыларымызды ашық әңгімеге шақырды. «Күйзелістің алдын алу» атты тренинг,  «От басып қалмашы, қазақ қызы»атты баяндамалар оқыды.

Қыздар сұлу көрінеді қылығымен
Жарыла төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы
Қыздар сұлу көрінер білімімен»
       Сонымен қатар, жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы -мектепішілік тәртіп, киім үлгісі, инабаттылық , кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланды. Жиналыс сырласу кеші ретінде өтіп, естелік фотосуретке түсіп, қыздарымыз жақсы көңіл-күймен тарқасты.