04
қыркүйек
2023
Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Назарбеков атындағы N87 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы 01.09.2023ж күні 11-де ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын онлайн режимінде тыңдады.”Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” тақырыбымен өткен бұл жолдауда Қазақстанның экономикалық бағдары және біртұтас ұлт берекелі қоғам, әділетті мемлекет туралы айта келіп, халықтың әлеуметтік тұрмысынжақсарту мақсатында атқарылатын әрекеттердің кешенді жоспарымен бөлісті. “Жайлы мектеп” жобасы аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалатындығы айтылды. Бұл жоба апатты жағдайдағы сонымен қатар үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесінің толық шешілетіндігін айтып өтті. Тыңдалым соңында жарқын болашақтың кепілі болатын Президент жолдауына біздің білім ордамыздың ұстаздар қауымы қолдау білдірді.




