04
наурыз
2024
Цифрлы ұстаздан – Креативті шәкіртке
А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 01.03.2024 ж. күні “Цифрлы ұстаздан – Креативті шәкіртке ” – тақырыбында мұғалімдерге арналған коуч – тренинг сабағы болып өтті. Коуч – тренингтің мақсаты: : Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру және сабаққа қажетті әртүрлі технологиялармен тез, әрі тиімді жұмыс жасауды үйрену.
Өмірдің екі тірегі бар,“Үйренуден жалықпау және үйретуден аянбау” –деп Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев айтқандай, әріптестер арасында жылы пікір алмасу болып, тренингте сабаққа ең қажетті деген заманауи әдіс- тәсілдер көрсетілді.
ХХІ ғасыр дағдысын меңгерген оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру - бүгінгі педагогтың басты мақсаты.
Информатика пәнінің магистр мұғалімдері: Әмірәлі Мейірхан,
Тулегенова Несипкуль