БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ » №87 жалпы орта мектеп
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп телефоны:
+77252 48-55-68
+7775 330-19-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сәуір
2023

БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ

        Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп - шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Алты-ақ әріптен құралған бұл сөздің құдіреттілігі де сонда жатқан болар.

      Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі.

   «100 мектеп, 100 аурухана»  бағдарламасы аясында  бой көтерген Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2010 жылдың қыркүйек айында 3500-ға жуық оқушы, 300 педагог қызметкерлерімен жұмысын бастады.

2017 жылғы 03 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №162 қаулысымен мектебімізге   Абдраш Назарбековтің есімі берілді. 

Бұл мектеп Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал 3 мөлтек ауданы, Ұ.Арғынбеков көшесі 2320А мекен-жайында орналасқан. Мектеп ғимараты үш қабатты, 1200 оқушыға арналып салынған. 

Жақсы басшы – мектептің жүрегі

Мектептің алғашқы директоры Ешимбетова Күланда Еркінбекқызы 1954 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Глинково селосында өмірге келді. Осы аталған елді мекендегі Ш.Уалиханов атындағы мектебіне 1961 жылы бірінші сыныпқа қабылданып, осы мектепті 1971 жылы аяқтады. Сол жылы Ш.Уалиханов атындағы мектепте пионервожатый болып, алғашқы қызметін бастады. 1972 жылы Шымкент педагогикалық институтының математика факультетіне оқуға түсіп, 1976 жылы жоғары оқу орнын аяқтады. Осы жылы туған өлкесіндегі бітірген мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып орналасты. 1978  жылы Шымкент  қаласындағы   С.Торайғыров атындағы №54 жалпы орта мектебіне мұғалімдік қызметін ауыстырды. 2006 жылы Шымкент қаласы Тельман елді мекеніндегі №56 жалпы орта мектебіне мектеп директоры болып тағайындалды. 2010  жылы Самал-3 мөлтек ауданындағы №87 жалпы орта мектебінде басшылық  қызметін жалғастырды.

Білім ордасының алғашқы директоры мектебіміздің материалдық-техникалық базасының нығаюына, мектеп ауласын көркейтіп, көріктендіруге ерен еңбек сіңіріп, облыс, қала көлеміндегі марапаттарға ие болды. 

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» Медалі берілді.

2012 жылы оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі педагогикалық қызметтегі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды. 

      2012 жылдың тамыз айынан бастап № 87 жалпы орта мектеп директоры болып Қаппарова Айгүл Серғалиқызы тағайындалды. 

 

Қаппарова Айгүл Серғалиқызы, 1973 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,  Кұмкент ауылында туылған. 1990 жылы мектепті бітіріп, М.Әуезов атындағы педагогикалық институтына осы жылы түсіп, 1994 жылы бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықты. 2000 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде тарих пәні мұғалімі оқуын қоса аяқтады, тарих пәнінің магистрі.

     1994–1995 жылдары Ордабасы ауданы, Е.Ерназаров орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1995–2001 жылдары Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 1.09.2001 жылы № 75 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 2001–2009 жылдары осы мектепте директордың оқу–тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2009 жылы 19 қазаннан бастап №56 жалпы орта мектепте директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары болды. 2010 жылы 01 қыркүйектен бастап № 87 жалпы орта мектебінде осы қызметті әрі қарай жалғастырды. 

2012 жылы №87 жалпы орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. 2021 жылдың тамыз айына дейін мектебіміздің басшысы Қаппарова Айгүл Серғалиқызы білім беру ұйымының көптеген  жұмыстарының бастамшысы болып, киелі білім ордасының уақыт озған сайын дамуына, өркен жая түсуіне елеулі еңбегін сіңірді.

2018 жылы оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі педагогикалық қызметтегі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды

2022-2023 оқу жылында  ҚР БҒМ 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы негізінде мектебіміздің басшысы қызметін 

                                 Оралбекова Гүлмира Оралқызы атқара бастады. 

Оралбекова Гульмира Оралқызы 1977 жылы 31 тамызда дүниеге келген. 1993 жылы Шымкент қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы тарих мамандығы бойынша тәмамдады. 1998 жылы  сәуір айында №64 Ж.Аймауытов атындағы көпсалалы мектеп гимназиясында тарих пәні мұғалімі қызметін атқарып, 2004 жылы  №7 Қ.Спатаев атындағы техникалық гимназия мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылы қыркүйек айынан бастап,  №55 жалпы орта мектебіне директорлық қызметке орналасты.  2022 жылы тамыз айынан бастап, №87 жалпы орта білім беретін мектебінде директорлық қызметін жалғастырды.

2013 жылы оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі педагогикалық қызметтегі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

         Қазыналы білім ордасына айналған  Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектептің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.

Қазіргі таңда білім беру ұйымында 2854 оқушы білім алады. 

Бастауыш сыныпта-1184

5-11-сыныптар аралығында-1670

Мектептің білім сапасы - 56%

       Мектеп ұжымы оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда.   Сонымен қатар, білім ордасында білімді шәкірттер мен білікті ұстаздарды қалыптастыру жолында үздіксіз еңбек етіп жүрген төмендегідей директор орынбасарлары қызмет атқаруда. 

Медеуова Зауре Абдешовна - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 Калмырзаева Халида Еркінбекқызы - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Исабекова Айгуль Мухтаровна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Куралбекова Нургуль Толегеновна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Искакова Бақытгүл Әбдіманапқызы -   директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сагиндыков Шерхан Назарбаевич - директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары

Шарапов Бакытжан Жанадилович -   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


«Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз ісінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық. Қазіргі таңда мектепте 245 мұғалім жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие беріп келеді. Оның ішінде

Педагог- шебер - 4

Педагог-зерттеуші - 71

Педагог-сарапшы - 50

Педагог –модератор – 48

Магистрлер-31

Сапалы білім – саналы ұрпақ тәрбиелеуде мұғалім маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда  заман ағымына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман өз ісінің шебері болуы қажет. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. 

Шаймырзаева Багила Алтынбековна - қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.

Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған пәндер олимпиадасында 11-сынып оқушысы Оңалбек Аида қалалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орын 2012ж. Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған республикалық V «Жарқын болашақ» олимпиадасына 10-сынып оқушысы,  Касымова Асемгуль қатысып, «Жазушылар» бағыты бойынша   жүлделі ІІ орын 2012ж.  Қалалық ІІІ «Махамбет  оқуларына» қатысқан Жүзболат Арайлым  жүлделі ІІІ орын алды 2012ж. Қалалық 13-Абай оқулары байқауына қатысып, Жұмабек Әйгерім жүлделі ІІ орынды иеленді және қала әкімінің мақтау қағазымен марапатталды 2012ж. Облыстық «Отаным менің - Қазақстан» айдарымен өткен байқауда мектеп атынан шыққан 10-сынып оқушыларым, Шымкент қаласының  намысын қорғап, ІІІ орын иеленді 2013ж. Қазақстан Республикасының білім саласына  қосқан еңбегі үшін Білім беру және «Қазақстан педагогикалық академиясы» корпоративтік қоры ғылыми-зерттеу орталығының «Оңтүстік Қазақстан облысы үздік мұғалім» төс белгісі 2015ж. Шымкент қалалық білім бөлімі. Қалалық пәндік олимпиада Полатова Альбина         ІІ орынды иеленді 2017ж. «ОҚО, Шымкент қаласы бойынша білім, спорт  және мәдениет қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Ұлағатты ұстаз» төс белгісі 2017ж. Шымкент Дарын орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі Мүсілім Ақерке Рақымжанқызы. 9-сынып оқушысы ІІІ орын иегері 2022 ж. Шымкент Дарын орталығы ұйымдастырған 9-11 сынып оқушылар  арасындағы республикалық IV "Абайтану" олимпиадасының қалалық кезеңінен Сералова Сара              10 Б сынып оқушысы ІІ орын 2022 ж.

Дарменова  Зияда   Нураховна  –  география    пәнінің мұғалімі

«Ұлағатты ұстаз»  төсбелгісі 2019 ж.  Шымкент қаласы Дарын орталығының  алғыс хаты  ЖББПБ республикалық  олимпиаданың қалалық кезеңінің  жеңімпазын дайындағаны үшін марапатталды.  Оқушысы  Аида ІІІ дәрежелі диплом 2022 ж.

Канаева Гульфайруз Кубеевна – география пәнінің мұғалімі. 

«Ұлағатты ұстаз»  төсбелгісі 2021 ж. Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы – «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбындағы қалалық ғылыми–тәжірибелік конференцияда құнды баяндама ұсынып, үздік тәжірибесімен бөліскені үшін мадақтама 2021 ж. Шымкент қаласының білім басқармасының әдістемелік орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өткен «Білімді мұғалім» сайысында ІІ дәрежелі диплом 2022ж.

Алибекова Нурипа  Нурмахановна –  орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Ұлағатты Ұстаз» төсбелгісі 2016ж. «Жас Дарын» Республикалық байқау  “Талаптың мініп тұлпарын” номинациясы бойынша I орын 2016ж. Сапаралиева Сабина 2019ж. Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы “Полиция қызметкерлері” атты эссе байқауына оқушысы Ратбек Сымбат  III орын 2019ж

Бимурзаева Нагима Зелгавдиновна – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Шымкент қалалық мұғалімдер олимпиадасы ІІ дәрежелі диплом 2010ж.   Қалалық білім бөлімі мақтау қағазы 2012ж. «Ең үздік пән кабинеті -2020» қалалық байқаудан 

І орын. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі 2018ж. Шымкент Қалалық Білім Басқармасы Әдістемелік орталығы және  Дарын орталығынан  Құрмет грамотасы және Алғыс хат 2020ж. Шымкент қалалық әдістемелік орталығынан IV қалалық пән олимиадасынан «Ең   білімді педагог-2020» ІІ дәрежелі диплом. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің Құрмет грамотасы 2021ж. Шымкент қалалық Білім Басқармасы Әдістемелік орталығы және Дарын орталығынан Құрмет грамотасы және Алғыс хат 2022ж. Дастан Ділдәбек ІІІ дәрежелі диплом. Қалалық оқушылар олимпиадасы 2010ж. Турсункулова Айгерим қалалық оқушылар олимпиадасы ІІІ дәрежелі диплом 2014ж. Еркінбек Айбар Республикалық олимпиада қалалық кезеңінен І дәрежелі диплом 2022 ж. Юсупбекова Адина Қалалық «Пушкинские чтения» Диплом І дәрежелі 2022ж. Аманбай Көркем Қалалық «Пушкинские чтения» Диплом ІІІ дәрежелі 2022 ж. 

Колбаева Дилара Хакимкуловна – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Қалалық Білім Бөлімі Мақтау қағазы 2012ж. «Бейбітшілік әлемі Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігі» Алматы қаласы Диплом және  ҚР «Лидер образования» медалі 2013 ж. Облыстық білім басқармасы Құрмет грамотасы 2014ж. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі 2015ж. ОҚҚ білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы, Мақтау қағазы 

2015 ж. Қалалық ғылыми-практикалық конференцияда құнды баяндама жасағаны үшін 

ІІ дәрежелі диплом 2016 ж. ОҚО Шымкент кәсіподақ Алғыс хат 2016ж. «Өрлеу» БА ҰО ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мадақтама» 2017 ж.  ОҚО білім басқармасы, облыстық эссе байқауы І дәрежелі диплом 2018 ж.   ОҚО білім басқармасы басшысынан Алғыс хат 2018ж. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы 2019 ж. Шымкент қаласының білім басқармасы Алғыс хат 2019ж. ҚР оқу ағарту министрлігі Дарын  орталығынан Алғыс хат 2022ж. Бадамбеков Бекжан  ІІ дәрежелі диплом орыс тілінен қалалық оқушылар олимпиадасы 2015 ж. Қалыбекова Ләззат  «Қалалық   Мәңгілік еліміздің - Мәңгілік тілі» тақырыбындығы шығарма байқауы жүлделі ІІ орын 2014ж. Бадамбеков Бекжан ІІ дәрежелі диплом орыс тілінен қалалық оқушылар олимпиадасы 2015ж. Бадамбекова Адема қалалық оқушылар олимпиадасы ІІІ дәрежелі диплом 2017ж.

Каипова Нурида Ганиевна – орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі 

Оңтүстік Қазақстан облысы «Мұғалімдердің облыстық олимпиадасында»  ІІ орын 2014ж. ЮКО «Ассоциация русских славян в Казахстане» - Грамота за хорошую подготовку учащихсяк к конкурсу, посвященному былинному богатырю И.Муромцу. Бақытұлы Спандияр – 8-сынып оқушысы ОҚО Кіші Ғылым Академиясы – диплом ІІІ дәрежелі  Облыстық сырттай байқауына қатысып жүлделі орынға ие болды 2018ж. Бақытұлы Спандияр – 8-сынып оқушысы Халықаралық Білім беру Академиясы «Республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауына қатысып I орынды иеленді 2019ж.

Команда средней школы №87, под руководством Каиповой Нурида диплом за занятое III место в номинации «А.С.Пушкин и театр» в конкурсе «Пушкина» 2019г. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың  орыс тілі және әдебиеті пәнінен – Диплом ІІІ дәрежелі 2019ж. Маратқызы Айгерім жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың орыс тілі және әдебиеті пәнінен – Диплом ІІІ дәрежелі 2020 ж. Юсупбекова Адина Улугбековна – Диплом I орын жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық Олимпиадасы 2022 ж.

Акилбекова Рабия Нишонбоевна- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Ұлағатты Ұстаз» төсбелгісі 2021ж. Орыс тілі пәнінен қалалық мұғалімдер олимпиадасы жүлделі    III орын 2013ж. Орыс тілі және әдебиеті пәнінен аудандық  олимпиадасы Сапарбай Аруана жүлделі III орын 2021ж.

Токенова Ұлту Орынғалиқызы‑ математика пәнінің мұғалімі

Қалалық   кәсіподақ  ұйымының  Алғыс   хатымен  марапатталды. Республикалық «Әл-Фараби»  математикалық  зияткерлік   олимпиадасына   оқушылары  қатысып,  Қапбар Аңсар   І орын, Абдумалик Алмас ІІ орынға ие болып, Алғыс хатпен  марапатталды 2016ж. Республикалық ғылыми – педагогикалық әдістемелік «DIDAKTIKA» журналы   ұйымдастырған  «Қазіргі  заманғы   педагогикалық  зерттеудің өзекті мәселелері» атты  ғылыми-тәжірибелік  конференциясына қатысып, Алғыс  хатпен   марапатталды. «Ustаz joly» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік ұстаз - 2021» атты 

ІІ Республикалық байқауының «Үздік сабақ  жоспары» номинациясы бойынша І дәрежелі  дипломмен марапатталды 2016ж. 9-сынып оқушысы Бейсенова Айдана математика пәнінен қалалық оқушылар олимпиадасында жүлделі III орын, 9 сынып оқушысы Көлбаева Гүлдар қалалық олимпиадада математика пәнінен I орын, облыстық пән олимпиадасында III орын 2020ж. 11 сынып оқушысы Аманәлі Ақжан  математика пәнінен қалалық оқушылар олимпиадасында жүлделі III орын 2017ж. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі 2021ж. Құрмет грамотасы, Білім және ғылым министрлігі.

Калдыбаева Назира Сагиндиковна – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

     «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталған «Шымкент қаласы білім басқармасы  және жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік төрағасы - М   Жүзімбаев 2019ж.

Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығы ІІ дәрежелі диплом 2021ж.

Сатыбалдина Гүлжазира Құлмаханбетқызы– физика пәнінің мұғалімі

       «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен ұлықтау  «Шымкент қаласы білім басқармасы  және жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік төрағасы - М.Жүзімбаев 2021ж. Облыстық ғылыми жобалар байқауында оқушысы Ордабек Бекарыс жүлделі ІІ орын 2022ж. Облыстық ғылыми жобалар байқауында оқушысы Шайбек Жәнібек жүлделі ІІ орын 2022ж. «Құрмет грамотасы» Республикалық президенттік оқушы олимпиадасына оқушы дайындағаны үшін Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығы. Қалалық мұғалімдердің олимпиадасынан II орын 2022ж. Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы.

Наурызбаева Галия Турекулькызы –– бастауыш сынып мұғалімі

«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен ұлықтау  «Шымкент қаласы білім басқармасы  және жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік төрағасы - М   Жүзімбаев 2020ж.

Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығы ІІ дәрежелі диплом 2021ж.

Койанбаева Каламкас Тотыбековна –– бастауыш сынып мұғалімі

Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен «Білімді мұғалім» сайысы ІІ дәрежелі диплом 2021ж.  Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі – «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі 2022ж. Шымкент қаласының  Дарын орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі Әбдрахман Айлана  І дәрежелі диплом 2022ж. Шымкент қаласының  дарын орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі  Утен Арслан   ІІІ дәрежелі диплом 2022ж. Шымкент қаласының  Дарын орталығы  жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі Жақсылық Алинұр ІІІ   дәрежелі диплом 2022ж.

Ердес Эльмира Бөбейқызы-бастауыш сынып мұғалімі

Шымкент қаласы білім басқармасы Алғыс хат 2012ж. Шымкент қаласы білім басқармасы Бастауыш сынып  пәнінен қалалық мұғалімдер олимпиадасы ІІІ орын 2014ж. «Үздік мұғалім» төсбелгісі 2018ж. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі 2020ж. Оқушы Есіркеп Нұрлыбек «Алтын сақа»  ІІ орын 2020ж.  «Нұр Отан» партиясы Алғыс хат 2021ж. Шымкент қалалық кәсіподақ атынан Алғыс хат 2022 ж. Әл- Фараби  республикалық   зияткерлік   олимпиадасы оқушы Әбдіғали Нұрбақыт I орын 2020 ж. 

Ахметова Айшакул Спавековна – бастауыш сынып мұғалімі

           Қазақстан Республикасының азаматтарын тәрбиелеу қалыстастыруда үлкен рөл атқарғаны үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен ұлықтады 2021ж. Шымкент қаласы білім басқармасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына Мадақтама. Шымкент қаласы білім басқармасы оқушылар олимпиадасынан Бекмағанбет Сабина II орын 2023ж.

Кулпиева Кализа Жарылкасыновна бастауыш сынып мұғалімі

Шымкент қаласы білім басқармасы «Инновациялық сабақ» қалалық сырттай байқауында кәсіби шығармашылығы мен үздік жұмыстары үшін ІІ дәрежелі диплом 2021ж. Қазақстан Республикасы Нұрсұлтан қаласы Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының Алғыс хаты Нұр-Сұлтан 2020ж. Қазақстан Республикасының азаматтарын тәрбиелеу қалыстастыруда үлкен рөл атқарғаны үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен ұлықтады 2018 ж. Шымкент қаласы білім басқармасы бастауыш сынып  оқушылар  арасында пәнаралық олимпиадасынан Қабылбек Арайлым ІІ дәрежелі диплом  2018ж. 

Умирзакова Динара Манановна– химия пәнінің мұғалімі.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым минисртлігі Шымкент Дарын орталығы Алғыс хат 2021 ж.  Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Құрмет грамотасы 2022ж. Шымкент қаласы Дарын орталығы ІІ дәрежелі диплом 2021ж. Шымкент қаласы Дарын орталығы Пардакулова Фариза ІІІ дәрежелі диплом 2021ж. Шымкент қаласы Дарын орталығы Пардакулова Фариза ІІ орын  2021ж. Шымкент қаласының Дарын орталығы Әзімхан Бауыржан І дәрежелі диплом 2022ж.

Ахметова Гулдаурен көркем еңбек пәні мұғалімі

«Атамұра» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы Алғыс хат 2023жыл. «Күзгі бояулар» І орын. Раймкулов Нұрислам, Яшаева Альбина, Мұратбек Еңлік, Тағайбекова Әдемі «Алаш мұраты-Тәуелсіздік» І орын 2022ж. Маншур Жолдас, Қозыбеков Жанболат «Қанатты қалам», «Бояулар құпиясы» І орын 2023ж..

  Мәдібек Сәнімай көркем еңбек пәні мұғалімі:

     «Үздік ұстаз-2023» Астана қаласы І орын 2023ж. Астана қаласы  Оқу-әдістемелік орталығы Әбдраман Айлана «Бояулар құпиясы» байқауы І орын 2023ж. Серік Жаннұр Атамұра ғылыми-әдістемелік журналы «Бояулар құпиясы» Диплом 2022ж.

Қалманова Гульмира -   музыка пәні мұғалімі:

 «Үздік педагог» І орын Астана 2023ж. Алғыс хат «Парасатты педагог» Астана 2023ж. «Жас зерттеуші» Молдабек Әдемі І орын Астана 2023ж. «Би шеруі-2022»,  «Үздік халықтық стильдегі би» Диплом Шымкент 2022ж. «Үздік әдістемелік құрал» І орын Астана 2023ж. Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы І орын «Тәуелсіздік тұғырым» патриоттық ән байқауы Әлібекұлы Дінмұхаммед Шымкент 2022ж.

Есмамбетова Роза Нагашыбаевна - ағылшын тілі мұғалімі

Тамыз мәслихатында баяндама оқып, І орын. Облыстық Білім Департаментінің мақтау қағазы. Сулеева Диана қалалық олимпиадада жүлделі ІІ орын. Қалалық пән олимпиадасында Ермахан Аружан ІІ орын. Қалалық білім бөлімінің мадақтамасы. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі. Қалалық оқушылардың пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Әліпбек Әсел жүлделі ІІ орын. Мұғалімдер олимпиадасында қысқа мерзімді жоспар үлгісін ағылшын тілінде қорға, жүлделі ІІ орын.  Диплом ІІ дәрежелі. Қараша айында өткен «Алтын қыран – ерекше дарын иесі» атты интеллектуалдық олимпидада Ерланқызы Жұлдыз ІІ орын.  ОҚО, Шымкент қаласы білім бөлімінің алғыс хаты. «Ең үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі -2017» облыстық байқауында «Шебер бірлестік жетекшісі» номинациясы. ОҚО Білім басқармасының мадақтамасы. ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты. ҚББ әдістемелік орталығының ұйымдастырған «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай жүктелген міндетті жүзеге асыру мақсатында өткізілген үштілділікке байланысты, бір ақын-жазушының шығармасын 3 тілде көркемдеп 3 минутта баяндау тапсырмасы бойынша 10-сынып оқушысы Ерланқызы Жұлдызды қатыстырып, Абай Құнанбаевтың шығармасынан үзіндіні көркем баяндап жеткізгені үшін жүлделі І орын.  «Алтын қыран – ерекше дарын иесі» атты интеллектуалдық олимпидасына 8-сынып оқушысы Әділбек Нұрай бас жүлде. 5-6 қаңтарда өткен республикалық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Нұрмухамедова Айгүл ІІ орын.

  Нурлыбекова Айтолсын Даулетбековна - ағылшын пәні мұғалімі

Авторлық монография ‘’ HOW MANY LANGUAGES YOU KNOW ,SO MANY TIME YOU ARE A MAN” 2021ж.  Оқу әдістемелік құрал  ‘’Everything you need to support great teaching and effective learning’’ 2021ж. ‘’Phrasal verbs, usage and modification of them’’ монография 2022ж.William Shakespeare 2021ж. (brochure) Алғыс хат  Кәсіподақ комитеті 2021ж. Алғыс хат “Мың Бала”  халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы 2021ж. Алғыс хат Шымкент қалалық білім басқармасы 2021ж. Diploma I Degree by INTERNATIONAL ASSOCIATION OF EDUCATORS 2021ж. Ұлағатты ұстаз төсбелгісімен марапатталды 2019 ж. Сертификат“Өрлеу”  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2019 ж. Сертификат   “Республикалық Инновациялық біліктілікті артыру” 2021ж. Үздік мұғалім төсбелгісімен марапатталды 2019ж.  Диплом 1 место по предмету « Английский язык», организованного обществом МРИКС. “Құрметті ұстаз” республикалық төсбелгісі 2022ж.  Ы Алтынсарин төсбелгісі. Үздік мұғалім 2023ж. Үздік ғылыми жоба авторы 2021ж.   Шымкент қаласы білім басқармасы    І дәрежелі диплом.  Шымкент қаласы білім басқармасы Ғылыми жоба 2021ж. 


Мектебіміздің мерейін асқақтатқан  мақтаныштарымыз!

Колбаева Гульдар Камчибекқызы

         2012-2013 ж. №87 жалпы орта мектебінің «Алтын белгі» иегері. 2013 жылы Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «Жалпы медицина» факультетіне  оқуға түсті. 2018 жылы «Жалпы медицина» бакалавры дәрежесін алды. 2018-2020 жылдары интернатураны аяқтап, жалпы тәжірибелік дәрігері біліктілігі берілді. 2022 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы   «Радиология» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түсті. Қазіргі таңда Колбаева (Мамбеталиева) Гульдар резидентурадағы оқуын «GM clinic» клиникасындағы еңбекпен ұштастыруда. 

Қасымов Әсер Болатбекұлы

2011-2015ж №87 жалпы  орта мектебінің «Алтын белгі» иегері. 2022 жылы Алматы облысындағы, АЭжБУ университетінің «Электроэнергетика» мамандығына оқуға түсті. 

Турсунова Иродохан Абдусалимовна «Алтын белгі иегері» 2015-2016

Тұрғанбай Аида Нұрқанатқызы «Алтын белгі иегері» 2015-2016

Жүзтаев Асқар Талғатұлы «Алтын белгі иегері» 2016-2017

Назарбаева Ұлмекен Шерханқызы «Алтын белгі иегері» 2017-2018

Бейсенова Айдана Смадияркизи

2018-2019 жылы №87 жалпы  орта мектебінің «Алтын белгі» иегері. 2019 жылы Алматы қаласындағы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу  университетінің студенті.

Сапар Ләззат Жеңісбекқызы «Алтын белгі иегері» 2018-2019

Абдразақ Аяжан Бекзатқызы   «Алтын белгі иегері» 2018-2019

Тастеміров Айдос Асқарұлы

          2019жылы №87 жалпы  орта мектебін «Алтын белгімен» бітірді. 

2019 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҚР ұлттық ғылым 

академиясының грант иегері атанды. 

Төлеген Айгерім Ерқадырқызы

2009-2020ж  №87 жалпы   орта мектебінің «Алтын белгі» иегері. 2020 жылы Астана қаласындағы, «Астана медицина» университетіне оқуға түсті. 

Айдархан Ақжүніс Бақытқанқызы «Алтын белгі» 2019-2020ж

Ерланқызы Жұлдыз  «Алтын белгі» 2019-2020ж

Шалқарбек Аяжан Қуатбекқызы «Алтын белгі»  2019-2020ж

Сапаралиев Бекжан Мухашевич «Алтын белгі»  2019-2020ж

Ғалымжан Нұрсәуле Қайржанқызы  

  2020-2021жылы №87 жалпы орта мектебінің «Алтын белгі» иегері.

  2021 жылы  Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің студенті.

Рахымжан Әсел Ахметжанқызы

     2020-2021ж №87 жалпы  орта мектебінің «Алтын белгі» иегері.                              

 2021жылы Алматы қаласындағы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне  оқуға түсті. 

Шаудырбаев Ислам Сұлтанбайұлы 2020-2021жылы «Алтын белгі» иегері

Сапархан Лаура Асқарбекқызы

      2021-2022 жылы №87 жалпы  орта мектебінің «Алтын белгі» иегері.              

 2022 жылы ҰБТ-дан 132 балл алып, Алматы облысындағы, Сулейман Демирель университетінің «Ақпарттық жүйелер» мамандығына оқуға түсті. 

Аманбек Мадина Жұмағалиқызы

 2017 жылы №87 жалпы  орта мектебінің «Алтын белгі» иегері. 2017 жылы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетіне оқуға түсті. 

Темирова Эльмира Жәнібекқызы

         2016-2017ж. №87 жалпы орта мектебінің «Алтын белгі» иегері. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Маркетинг» мамандығынаоқуғатүсті. 

Шайбек Жансұлу Шалғынбекқызы

        2021 жылы А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебінің «Алтын белгі» иегері атанып, ҰБТ- дан 123 балл алып Астана қаласы, Еуразия Ұлттық Университетінің грантын иеленген,  сонымен бірге халықаралық емтихандарда үздік көрсеткіш көрсетіп Назарбаев Университетінен мемлекеттік грант жеңіп алды. 


Похожие публикации:

17 қазан 2019 .
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив