"ЖӘК РЕДАН" СУБМӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ » №87 жалпы орта мектеп
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп телефоны:
+77252 48-55-68
+7775 330-19-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сәуір
2023

"ЖӘК РЕДАН" СУБМӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ

А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде "ЖӘК Редан" субмәдениеті туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу

"ЖӘК РЕДАН" СУБМӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ

Білім басқармасы Шымкент қаласы прокуратурасының 2023 жылғы 9 наурыздағы №2-12-23-013 86 хатына сәйкес, бүкіларалық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жургізген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде "ЖӘК Рёдан"• субмәдениетінін белсенді насихатталғандығы анықталғанын
хабарлайды.
 Осыған орай А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 15 наурыз күні  «ЖӘК Редан» субмәдениетінің  қолданушыларының айрықша белгілері жайлы ақпараттық сағат өткізілді. «ЖӘК Редан» қозғалысының ары қарай тарауына және жасөсіпірімдер арасында жағдайды тұрақсаздыруға жол бермеу мақсатында алдын-алу түсіндірме іс-шараларын жүргізілді.
       Іс-шара  мақсаты: «ЖӘК Редан» субмәдениетінің қалыптасуы және айрықша белгілері бойынша  ақпараттандыру, ары қарай тарауына және жасөсіпірімдер арасында жағдайды тұрақсаздыруға жол бермеу мақсатында алдын-алу түсіндірме іс-шараларын жүргізу.
      Анықтама ретінде: «ЖӘК Редан» - аниме және магни жанкүйерлерінің арасында қалыптасқан субмәдениет. Кейбір мәліметтер бойынша ЖӘК мағынасы «Жеке әскери компания» дегенді білдіреді. «ЖӘК қолданушыларының айрықша белгілері шақпақ шалбар, қара түсті худи мен өрмекші және 4 саны суреттелген футболкалар болып табылады.
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг бойынша
Шымкент қаласының жасөспірімдері арасында да жоғары аталган қозғалысты қолдап, топтарга бірігу үшін шақырып жатқандар бар екендігі белгілі болды.
Осыған орай, «ЖӘК Редан" қозғалысынын ары қарай тарауына және жасөспірімдер арасында жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу керек.
Осыған орай ата-аналар тарпынан оқушылардың ұялы телефондары қатаң бақылауда болуы тиіс. 
Жас ерекшелігіне сай емес әлеуметтік желілер мен ойындар телефондарында бұғатталуы керек.


                             
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив