О школе » №87 жалпы орта мектеп

1 июнь - Халықаралық балаларды қорғау күні

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында. 
——————————————— 
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Днем защиты детей
– Поздравляю с Днем защиты детей! Воспитать подрастающее поколение, дать ему лучшие знания и привить высокие моральные качества – наш общий долг. Государство создает все условия для всестороннего развития детей. Желаю каждому ребенку счастливого детства и светлого будущего! – написал Президент на своей странице в социальной сети Х.

Шымкент жастар лигасы – 2025

А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен “Шымкент жастар лигасы – 2025” проект аясында ерекше табандылық пен жоғары дайындықтың үлгісін көрсетті.
Футбол және үстел теннисі спорт түрлері бойынша өткен тартысты жарыстарда мектебіміздің командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі II орын иегері атанды.
Бұл — мектебіміздің біліммен қатар спорт саласындағы жетістіктерінің де биіктей түскенінің айқын дәлелі. Жеңіске деген жігері мен ұжымдық ұйымшылдығын көрсеткен жас спортшыларымызға алғыс білдіре отырып, алар асуларыңыз биік болсын деп тілейміз!

"Кдомкүмбірі"

Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 29 февральдағы №3-05-5/1489-И хатына сәйкес, 2024 жылдың 24 апрель  күні А.Назарбеков атындағы N87жалпы орта білім беретін мектебінде "Кдомкүмбірі" тақырыбында домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты: Оқушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау.
Челленджге  5 А сынып оқушысы  Аманова Айдана Ерболқызы қатысып,  Әбдімомын Желдібаевтың  " Ерке сылқым" күйін  орындады.

«Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні»

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты А.Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасы 23.04.2024 жыл 
23 апрель – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнін республика көлемінде атап өтудің іс-шарасы жоспарына сай А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 «Д» сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балаларға «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» туралы презентация көрсетіліп мәлімет берілді.Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша «Жас лидер» жобалық конференциясының жеңімпаздары мектебіміздің 9-сынып оқушыларының  осы оқу жылы баспадан шыққан «Қазақстан тарихы» анимациялық кітабы таныстырылды. Бұл кітаптың авторлары 9 «г» сынып оқушылары: Умирзақ Айтолқын, Ғалымжан Нұрай, Мұратбек Ботагөз, Өмірзақ Нұрай, Нарымбетов Дос. Жетекшісі: Сұлтанбекова Ұлжан.
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар кітапқа деген құрметті дәріптеу. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Бүгін 23 апрель – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні туралы мағұлматтар беру. 

«Қыз тәрбиесі – қоғам келешегі, ұрпақтың өміршеңі»

А.Назарбеков атындағы №87жалпы орта білім беретін  мектебінде 22.02.2024ж.күні   «Даналық мектебі»  жанынан құрылған «Жеңгелер» клубы  «Қыз тәрбиесі – қоғам келешегі, ұрпақтың өміршеңі» атты тақырыпта 8– сынып қыздарымен бірге аналар мен жеңгелердің қатысуымен сырласу кешін өткізді.
Мақсаты: Қыздарды әдептілікке, әдемділікке, инабаттылыққа, 
сыпайлыққа,  ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге тәрбиелеу. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.

Шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған Еркін күрестен 2010-2012 ж.т кіші жасөспірімдер арасында 1 май - Қазақстан халқының бірлігі күні және "Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ міндетіміз" тақырыбында ШҚ №12 БЖСМ-ның ашық біріншілігінде 48кг салмақ дәрежесінде 1- орын алғаны үшін  А. Назарбеков атындағы N87жалпы орта білім беретін мектептің 7«Е» сынып оқушысы Алибек Жанасыл марапатталды.
      Шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Құрметті АТА-АНАЛАР!

Құрметті АТА-АНАЛАР!
Оқушылар!
Шымкент қаласы А.Назарбеков атындағы 
№87 жалпы орта білім беретін мектебінде мереке күндерінде бітіруші  
4, 9, 11 сыныптар және барлық сыныптардың ата-ана, оқушыларына және мектеп тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатынын ескертемін! 
Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында:
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық жасауға;
 - мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен қандай да бір  сыйлықтар ұсынуға;
- соңғы қоңырауда  қымбат көліктермен серуендеуге;
- кафеде отырыс жасауға;
- демалыс орындары мен тау шатқалдарына саяхат жасауға қатаң түрде тыйым салынатынын  ескертемін!!!
№87 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры 
Оралбекова Гулмира Оралқызы 
Контакты телефоны:87759911115

Халықаралық әйелдер күні

07.03.2024ж.күні А.Назарбеков атындағы N87 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 март -  Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебіміздің жоғары сынып ер-азаматтары Шымкент қаласының асыл аналарын, аяулы ұстаздарын, апа-қарындастарды келе жатқан  мерекелерімен құттықтады.
     Өздерінің бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға деген  жүрекжарды лебіздерін ән арқылы жеткізді.

Заманауи тренд– STEM оқытудың жаңа инновациялық технологиясы

А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 05.03.2024ж. күні “Заманауи тренд– STEM оқытудың жаңа инновациялық технологиясы” – тақырыбында мұғалімдерге арналған коуч –тренинг сабақ болды. Коуч-тренинг сабақтың мақсаты: Преподавателидің цифрлық сауаттылығын арттыра отырып, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану және әр түрлі әдіс тәсілдерді меңгеріп, оқушыларға білім беруде қолдану. Коуч - тренинг сабақта мұғалімдерге тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді. Атап айтсақ: Power point арқылы жасалатын боулинг, принтер, телефон, квест ойыны. Бұл ойындар интернетсіз ойнатылатынын көрсетті және интернет сайттары арқылы slidesMania, Educaplay, Umaigra, Google 9 нүктесін қолданды. Соның ішіндегі (Презентация, Таблицы, Jamboard), Mentimeter сайттарға да тоқталды.
Ұйымдастырушы физика, математика магистр мұғалімдері:
Сатыбалдина Гүлжазира
Өмірбекова Алия
Серік Махамбет

Цифрлы ұстаздан – Креативті шәкіртке

А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 01.03.2024 ж. күні “Цифрлы ұстаздан – Креативті шәкіртке ” – тақырыбында мұғалімдерге арналған коуч – тренинг сабағы болып өтті. Коуч – тренингтің мақсаты: :   Преподавателидің цифрлық сауаттылығын арттыру және сабаққа қажетті әртүрлі технологиялармен тез, әрі тиімді жұмыс жасауды үйрену.
Өмірдің екі тірегі бар,“Үйренуден жалықпау және  үйретуден аянбау” –деп Дінмұхаммед Ахметұлы  Қонаев айтқандай, әріптестер арасында жылы пікір алмасу болып, тренингте сабаққа  ең қажетті деген заманауи  әдіс- тәсілдер  көрсетілді. 
ХХІ ғасыр дағдысын меңгерген оқушыны  жеке тұлға ретінде қалыптастыру - бүгінгі педагогтың басты мақсаты.
Информатика пәнінің магистр мұғалімдері: Әмірәлі Мейірхан, 
Тулегенова Несипкуль