Халықаралық әйелдер күні
07.03.2024ж.күні А.Назарбеков атындағы N87 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебіміздің жоғары сынып ер-азаматтары Шымкент қаласының асыл аналарын, аяулы ұстаздарын, апа-қарындастарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Өздерінің бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға деген жүрекжарды лебіздерін ән арқылы жеткізді.