2021 жылдың 27 августындағы Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде «Попечительский советтің» кезекті отырысы » №87 жалпы орта мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі»
Управления образования города Шымкент
Мектеп телефоны:
+77252 48-55-68
+7775 330-19-10
Версия для
слабовидящих
» » 2021 жылдың 27 августындағы Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде «Попечительский советтің» кезекті отырысы
13
октябрь
2021

2021 жылдың 27 августындағы Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде «Попечительский советтің» кезекті отырысы

2021 жылдың 27 августында Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде «Попечительский советтің» кезекті отырысы болып өтті. Отырыс барысында мектеп директоры Қаппарова Айгүл Серғалиқызы 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен жеткен жетістіктер туралы өз есебін берді. Сонымен қатар алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың мақсат міндеттерімен таныстырды.
Оқушылардың білім жолындағы жетістіктері мен спорт саласындағы жеңістеріне ерекше тоқталды. Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен арнайы кубогы сарапқа салынған спорттық жарыста атаулы «Шымкент жастар лигасы» тақырыбы бойынша өткен футболдан жеңіске жетіп, берілген қаржылай сыйлық бүгінде мектебіміздің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жұмсалды. Биылғы оқу жылында мемлекет тарапынан бөлінген қаржы есебінен соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған STEM, робототехника, химия, физика, биология кабинеттері қолданынысқа берілгендігі айтылды. «Жалпыға міндетті білім қорынан» атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары мен «Мектепке жол» акциясы барысында демеушілер тарапынан көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек берілді. Мектебіміздің Попечительский советінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы қамқорлық акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға әрдайым қолдап, қорғап, қол ұшын созуға дайын екендігі айта келе, өз сөзінде алдағы оқу жылында көптеген жұмыстар жасалатындығы тілге тиек болып, барша қамқоршылық кеңес мүшелерінен қолдау тауып “Қайырымдылық қылсаң қайырын өзің көресің” - демекші, көптеген жақсы істердің көзайымы болары айтылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив