02
апрель
2022
1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар! А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебіне 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жұмыстары басталғандығын хабарлаймыз. Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 апрельі мен 1 августы аралығында жүргізіледі. Ол үшін:Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге басқан қадамдары құтты болсын деген тілек білдіреміз!