Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді. » №87 жалпы орта мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі»
Управления образования города Шымкент
Мектеп телефоны:
+77252 48-55-68
+7775 330-19-10
Версия для
слабовидящих
» » Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді.
25
апрель
2024

Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді.

📣 Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 
💬 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
📆 Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 майда аяқталады. 
«Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 майдың демалыс күніне  сәйкес келуіне байланысты 24 май күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады» - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
📎 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 июнь аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.
📌 Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив